"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

Балалардың елордада болуының екінші күні Ailand отбасылық демалыс орталығына барудан басталды

Балалардың елордада болуының екінші күні Ailand отбасылық демалыс орталығына барудан басталды

Балалардың елордада болуының екінші күні Ailand отбасылық демалыс орталығына барудан басталды.

Балалар Ailand океанариумындағы су асты тіршілік иелерін тамашалады. Ол әлі күнге дейін Қазақстанда бірінші әрі жалғыз болып қала береді, сондай-ақ бүкіл әлемдегі мұхиттан ең алшақ орналасқан океанариум болып саналады.

Әрі қарай балаларды "джунгли" аниматроникс театрында қызықты экскурсия күтіп тұрды, мұнда кішкентай достарымыз шындыққа жанасқан ежелгі әлемнің ғажайып атмосферасына енді.

Кейін балалар айналаны шолу дөңгелегіне мініп, құстар тәрізді Астананы биіктен тамашалады.

Кешке қонақ-спикер белгілі журналист Ербол Сейілхан балаларды ютуб платформасымен таныстырып, оның мүмкіндіктері туралы, пайдалы балалар арналары туралы, өз ютуб арнаңды алға ілгерілету жолдары туралы, сондай-ақ контент идеяларымен арнаңды ашу бойынша қадамдық нұсқаулар берді.

Ертең балаларды Астанада тағы бір қызыққа толы ғажайып күн күтіп тұр.