Байқаудың мақсаты – бесік жыры арқылы ұлттық тәрбие негіздерін, мәдени құндылықтарды насихаттау, ұлттық мұраларымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау, сондай-ақ ұлттық нақыштағы жас ақындар мен композиторлардың шығармашылық ортасын қалыптастыру.
«Халық үні» жобасы – қарапайым халықтың өтініш-тілектерін анықтап, атқарушы органдарға жеткізіп, кедергілерді бірлесіп еңсеруге бағытталған бастама. Жоба белгілі адвокат Айман Умарованың бастамасымен жүргізілді.
Қордың қолдауымен №19 қосымша білім беру мектеп-орталығында зағип және нашар көретін балаларға арналған арнайы сынып ашылды.
Өлкетану мұражайының жаңа ғимараты «Altyn Qyran Foundation» қоры мен облыс әкімдігінің қаржысына салынды. Бұл мақсатқа Қор 635 миллион теңге бөлді.
«Алтын Қыран» қорының қолдауымен Ақтөбедегі мейрамханалардың бірінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мерекелік дастархан жайылды.
Кітап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Кітапта еліміздің этностарының әралуандығын көрсететін жазушылардың, ақындардың өлеңдері бар: мұнда оқырман қазақ және орыс шығармаларынан басқа неміс, ұйғыр, корей, армян, татар, қырғыз, украин тілдерінде түпнұсқада да, орысша аудармасында да оқиалады.
Қордың қолдауымен Ақтөбеде жас кәсіпкерлердің бірінші форумы өтті. Ақтөбеге еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүз жас жігіттер мен қыздар жиналып, қуаттанып, алғашқы бизнес тәжірибесімен бөлісті.
Қордың қолдауымен еліміздің кинотеатрларында Талғат Бигелдиновке арналған «Қыран текті» деректі фильмі көрсетілді. Фильмнің сценарийін ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Лаврентий Сон, қоюшы режиссері Ерген Тоқмурзин, жас Талғат рөлін жаңадан келген актер Әзімхан Ахмет сомдады.
Қордың қолдауымен «Өрмекші адам 2: Кернеген қуат» фильмі қазақ тіліне дубляждалған. Автордың ойын дәлірек жеткізу үшін аударма тікелей ағылшын тілінен қазақ тіліне жүргізілді. Қазақ тіліне дубляж жасау жұмыстары 2013 жылдың қараша айында басталды. Жоба студиямен келісімге келуден басталды.
«Aktobe startup» байқауына қатысушылар өз жобаларын мал шаруашылығы, нан пісіру, жиһаз өндірісі, жартылай фабрикат цехтары және т.б бағыттар бойынша ұсынды.
ertegiler.kz – бірегей жоба, ең кішкентай қазақстандықтарға арналған сайт. Сайтта қазақ халық ертегілері мен аңыздарының аудио нұсқалары жүктелген.
Қордың қолдауымен 7 жас таланттың туындылары жарық көрді. Авторларының қатарында Бейбіт Сарыбай («Мейірім» әңгімелер жинағы) және Азамат Тасқара («Жусан қыз» жыр жинағы), сондай-ақ жас, талантты ақын Жанар Әбсадық («Сезімдер маусымы» жыр жинағы және Қуаныш Медеубаев («Қара жәшік» өлеңдер жинағы) сынды сөз шеберлері бар.
Қордың қолдауымен ұлттық өнердің көрнекті қайраткерлерінің бірі, мәдениет пен поэзияда орасан із, мол мұра қалдырған Сара Тастанбекқызының өнегесіне арналған кітап жарық көрді.
Қысқы қайырымдылық балы – «Болашақ» ҚФ демеушілігімен өтетін елорданың ауқымды, зайырлы мәдени шарасы. Дәстүр бойынша, желтоқсанда бал қонақтары қысқы ертегідегі сиқырлы атмосфераға, музыканың, жарық пен жақсылықтың керемет атмосферасына бөлінеді.
Қордың бастамасымен және қаржылық қолдауымен классик, қазақ әдебиетінің майталманы Ә.Нұрпейісовтің шығармалары ағылшын тіліне аударылды.