"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

FAQ

 «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры қай бағытта қызмет жасайды?

Біз еліміздегі әлеуметтік маңызы бар реформаларды қолдай отырып, рухани тұрғыда бай, интеллектуалды және сау ұлтты дамыту үшін жас таланттарды іздеп, оларға көмектесеміз

Қордың құрылтайшысы кім?

«Altyn Qyran Foundation» қорының құрылтайшысы – белгілі меценат, бизнесмен Исламбек Салжанов

Қор қызметінің негізгі бағыттары қандай?

Қазіргі таңда «Altyn Qyrаn Foundation» қоры мәдениет, білім беру және әлеуметтік инфрақұрылым бағыттары бойынша жобаларды жүзеге асырады

«Altyn Qyrаn Foundation» құрылғалы бері қандай жобалар жүзеге асырылды?

 «Altyn Qyrаn Foundation» қоғамдық қоры құрылған уақыттан бастап мәдениет, мемлекеттік тілді қолдау, білім беру, медицина, спорт және т.б салаларда 300-ден астам жобаларды жүзеге асыруға және қаржыландыруға ат салысты. Өткен жылдары жүзеге асырылған барлық жобалармен бастапқы беттегі «Тарих» бөлімінде, ал қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалармен «Жобалар» бөлімінде таныса аласыз.

Қор жұмысына қалай көмектесе аламын?

«Altyn Qyrаn Foundation» қызметін материалдық және материалдық емес түрде қолдауға болады. Бұл туралы толығырақ ақпаратты «Үлес қосу» бөлімінен алсаңыз болады.

 «Altyn Qyrаn Foundation» қорынан көмекті қалай алуға болады?

Сайтта тіркеуден өтіп, арнайы өтініш формасын толтыру керек. Бұл туралы толық ақпаратты «Өтініш беру» бөлімінен алсаңыз болады.

«Altyn Qyrаn Foundation» басқа мүдделі тараптармен қалай өзара әрекеттеседі?

Өз қызметін жүзеге асыру барысында Қор көптеген мемлекеттік және жеке ұйымдармен ынтымақтасады.

«Altyn Qyrаn Foundation» қорының басқа қоғамдық қорлардан айырмашылығы қандай?

Біздің жұмысымыз ашық әрі айқын. «Altyn Qyrаn Foundation» қоры қызметін өз қаражатына жүзеге асыратын, өзін-өзі басқаратын бейкоммерциялық, үкіметтік емес ұйым болып табылады.