"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

Миссия және құндылықтар

Біздің миссиямыз – рухани, зияткер және бәсекеге қабілетті ұлтты дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдау.

Біздің құндылықтарымыз

Қоғамдық ұйым ретінде біз күнделікті жұмысымызда адам, оның әлеуеті мен мұқтаждықтарына қызмет етуді қағидаттарын ұстанамыз. Сондықтан, біздің барлық шешімдерімізде, әрекеттеріміз бен жобаларымызда біз адамның әлеуетін ашуды көздейміз. Ал біздің құндылықтарымыз азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосуға себепші болады.

Әділеттілік

Біз өз жобаларымыз аясында барлығына тең мүмкіндіктер жасау қағидатын ұстанамыз.

Ынтымақтастық

Біз серіктестік, өзара іс-қимыл және өзара көмек мәдениетін ілгерілету арқылы әлеуметтік маңызды мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосамыз.

Жаңашылдық

Біз әртүрлі салалардағы жаңа идеялар мен инновацияларға ашықпыз және де қоғам игілігі аясында ортақ мақсаттарға жету үшін басқа ұйымдармен әріптестікке дайынбыз.

Тиімділік

Біз өзара жауапкершілік қағидатын ұстана отырып, нақты нәтижеге қол жеткізуге ұмтыламыз.

Ашықтық

Біздің барлық шешімдеріміз бен әрекеттеріміз ашық және жария түрде жүзеге асырылады.