"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

Қор туралы

“Altyn Qyran Foundation” Қоғамдық қорының тарихы белгілі меценат, бизнесмен Исламбек Салжановтың қайырымдылық қызметімен тығыз байланысты. Исламбек Салжанов бастамасымен 20 жыл бұрын “Altyn Qyran Foundation” Қоғамдық қоры құрылған болатын. Осы уақыттан бері қор ел бойынша 300-ден астам жобаны жүзеге асырды.

Қор алғашқы жобаларының ішінде Ақтөбе облысы Қобда ауылында 200 орындық заманауи балабақша салу мен облыс орталығында Ана үйін ашу мен қаржыландыру бар.

Сол кезден бері «Altyn Qyrаn Foundation» өз қызметін едәуір кеңейтіп, қазіргі таңда көрсетілген көмек көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі 10 қайырымдылық қорлардың тізіміне кіреді.

Бүгін «Altyn Qyrаn Foundation» мәдениет, білім беру және әлеуметтік инфрақұрылым сияқты үш негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Біз еліміздегі әлеуметтік маңызы бар реформаларды қолдай отырып, рухани тұрғыда бай, интеллектуалды және сау ұлтты дамыту үшін жас таланттарды іздеп, оларға көмектесеміз.

Қор жұмысы туралы арнайы бейнероликті көруді ұсынамыз.

Сіз біздің қызметтің тарихын жылдар бойынша бақылай аласыз.

Біздің жобалар