Көп жылдық тиімді тәжірибесі бар, өз жобаларын жасау және қоғам үшін маңызды бастамаларды қолдау бойынша шығармашылық зертхана ретінде жұмыс істейтін қайырымдылық ұйым.
Қоғамдық ұйым ретінде біз күнделікті жұмысымызда адам, оның әлеуеті мен мұқтаждықтарына қызмет етуді қағидаттарын ұстанамыз. Сондықтан, біздің барлық шешімдерімізде, әрекеттеріміз бен жобаларымызда біз адамның әлеуетін ашуды көздейміз. Ал біздің құндылықтарымыз азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосуға себепші болады.
Біз өз жобаларымыз аясында барлығына тең мүмкіндіктер жасау қағидатын ұстанамыз.
Біз серіктестік, өзара іс-қимыл және өзара көмек мәдениетін ілгерілету арқылы әлеуметтік маңызды мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосамыз.
Біз әртүрлі салалардағы жаңа идеялар мен инновацияларға ашықпыз және де қоғам игілігі аясында ортақ мақсаттарға жету үшін басқа ұйымдармен әріптестікке дайынбыз.
Біз өзара жауапкершілік қағидатын ұстана отырып, нақты нәтижеге қол жеткізуге ұмтыламыз.
Біздің барлық шешімдеріміз бен әрекеттеріміз ашық және жария түрде жүзеге асырылады.
Құрметті Исламбек Төлеубайұлы! «БІЛІМ -ИННОВАЦИЯ» Халықаралық Қоғамдық Қоры және өз атымнан «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорына, Сізге және қордың бас директоры Әлденей Әлібек Үсенұлына өзара ынтымақтастық… толығырақ
Құрметті Исламбек Төлеубайұлы! «БІЛІМ -ИННОВАЦИЯ» Халықаралық Қоғамдық Қоры және өз атымнан «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорына, Сізге және қордың бас директоры Әлденей Әлібек Үсенұлына өзара ынтымақтастық пен достық бейілде бірлесе, «Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасын жоғары деңгейде өтуіне қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз! «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры ана тілдің мерейін өсіріп, өскелең ұрпақтың білім жолындағы талпынысына қанат бітірді. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіндегі деңгейі көтеріліп келеді. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт келді. Бұл үшін барлығымыз жұмыла әрекет етуіміз қажет», – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауындағы сөзі аталған шараның ауқымын кеңейтіп, жастарымызды қанаттандырды. Қиялы ұшқыр, қаламы жүйрік білімді һәм белсенді шәкірттердің басын біріктірген айтулы олимпиаданың ақтық кезеңінде Өздеріңіздің қолдау һәм демеушіліктеріңізбен көпшіліктің көңілінен шықты. Сіздің демеушілік қолдау көрсетуіңізбен, қордың жұмыс тобы үлкен жауапкершілікпен және аса жоғары ұйымдастырушылықпен,талантты жастарға алынған сыйлық, әділқазы алқалары мен қонақтар лайықты дәрежеде марапат пен қонақжайлылық көрсетілді. Бұл өзара ынтымақтастығымыздың болашақта да нығайып, жалғаса беретініне біз сенімдіміз. Сізге және «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қор ұжымына табыс, шығармашылық өркендей мен берекелі өмір тілейміз! Ізгі ниетпен, Өте Дархан Ермаханұлы БІЛІМ -ИННОВАЦИЯ» Халықаралық Қоғамдық Қорының президенті
Құрметті Исламбек Төлеубайұлы! Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының атынан және өз атымнан «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорына, Сізге және қордың бас директоры Әлденей Әлібек Үсенұлына жемісті… толығырақ
Құрметті Исламбек Төлеубайұлы! Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының атынан және өз атымнан «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорына, Сізге және қордың бас директоры Әлденей Әлібек Үсенұлына жемісті ынтымақтастығымыз және көрнекті мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Өткірдің жүзі» атты кездесу кешін жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесіңіз үшін шын жүректен зор алғысымызды білдіреміз. «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры халқымызға өзінің игі істерімен үлгі болып жүрген, соның ішінде ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына, әлеуметтік маңызды бастамаларға барынша қамқорлық танытып келе жатқан ұйым ретінде белгілі. Ү.ж. 13 қаңтарда еліміздің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың қатысуымен өткен Мұрат Әуезовтің мерейтойлық кеші - ұлт руханиятындағы, еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. Сіздің демеушілік қолдау көрсетуіңізбен, қордың жұмыс тобы үлкен жауапкершілікпен және аса жоғары ұйымдастырушылықпен, үйлесімді жұмыс істеп, осы мерейтойлық кештің сәтті өтуіне, сондай-ақ құрметті қонақтарымыз үшін салтанатты дастарханның жайылуына ықпал етіп, үлес қосты. Мерейтойлық шараның бейнеролигін, суреттер альбомын әзірлеп, сыйға тартты. Сонымен қатар, біз осы мерейтойлық іс-шараның лайықты деңгейде өтуіне зор үлес қосқан қордың Жобалау және маркетинг департаментінің директоры Гүлбиғаш Омар Жеңісбекқызы мен менеджер Айғаным Жиентаеваға ерекше алғысымызды білдіреміз. Бұл өзара ынтымақтастығымыздың болашақта да нығайып, жалғаса беретініне біз сенімдіміз. Сізге және «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қор ұжымына амандық, тұрақтылық және өркендеу тілейміз! Ізгі ниетпен, Бақытжамал Оспанова Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы
Уважаемый Исламбек Тулеубаевич! ОО «Казахская Ассоциация нейрохирургов» выражает искреннюю благодарность общественному фонду «Altyn Qyran Foundation» за поддержку медицины Казахстана и сотрудничество… толығырақ
Уважаемый Исламбек Тулеубаевич! ОО «Казахская Ассоциация нейрохирургов» выражает искреннюю благодарность общественному фонду «Altyn Qyran Foundation» за поддержку медицины Казахстана и сотрудничество в проведении научных конференций в сфере нейрохирургии. С 1 по 3 июля 2022 года в г. Нур-Султан был на высоком уровне проведен Международный нейрохирургический форум и Кинофестиваль «Нейрохирургия: история, современность, личности», в котором приняли участие более 250 специалистов из Казахстана и 15 стран дальнего и ближнего зарубежья. Во время мероприятия были заслушаны доклады ведущих нейрохирургов Америки, Японии, стран Европы и СНГ по самым актуальным темам нейрохирургии, а также продемонстрированы документальные фильмы об их нейрохирургической службе и выдающихся личностях. Выражаем надежду на продолжение взаимного сотрудничества. От всей души желаем Вам и Вашей команде благополучия, успехов и процветания!