"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

«ЖАС КІТАПХАНАШЫ 2023: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» атты жас мамандар лабораториясының жұмысы басталды.

«ЖАС КІТАПХАНАШЫ 2023: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» атты жас мамандар лабораториясының жұмысы басталды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «ЖАС КІТАПХАНАШЫ 2023: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» атты жас мамандар лабораториясының жұмысы басталды.
Аталмыш іс-шараны өткізуге «Алтын қыран» қоғамдық қоры қолдау көрсетті. Жиынның ашылу салтанатына қордың «Маркетинг және жобалар» департаментінің директоры Саят Жөкен қатысты.

18 – 19 қазан күндеріне жоспарланған іс-шараға барлық аймақтардан 40-тан астам жас кітапханашы келді. Іскерлік шараның мақсаты – жастардың өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен кәсіби біліктілігін шыңдау, жас мамандардың өнімді әрі сапалы жұмыс істеуіне көмектесу, өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету, іскерлік қабілеттерін дамыту.
Бұл үшін екі күн ішінде жас мамандар «Назарбаев Университеті», Мақсұт Нәрікбаев атындағы ҚазЗУ, Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханаларына, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына арнайы экскурсия жасап, практикалық семинарлар мен шеберлік және іскерлік сағаттарға қатысады. Және олар үшін кітапханадағы әлемдік ақпараттық ресурстар сынды түрлі тақырыптарда тренингтер мен дискуссиялық панельдер ұйымдастырылады. Сондай-ақ алдын ала әлеуметтік желіде өткен «Жас кітапханашы – 2023: жыл таңдауы» байқауының үздіктері анықталып, жеңімпаздар арнайы сертификаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Барлық кітапхана саласында еңбек ететін мамандарды алдағы күндері, яғни 24 қазан күні тойланатын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!