"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

Астанада «Отандастар» форумы өтті

Астанада «Отандастар» форумы өтті

Астанада «Отандастар» форумы өтті, оған әлемнің 40-тан астам елінен 200-ден астам отандастарымыз қатысты. Ел үшін айтулы шараның ұйымдастырушысы – президенті Абзал Сапарбекұлы өкілдік ететін «Отандастар» қоры. «Отандастар форумының» бас серіктесі «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры болды.

«Отандастар» қоры шетелде тұратын қандастарымызға қолдау көрсету, сондай-ақ диаспораларымыз бен қазақстандықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайту бағытында жүйелі түрде белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Ауқымды шараға шетелдегі этникалық қазақтардың басын біріктіретін қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ ғылым, білім, мәдениет, бизнес, БАҚ, саясат және т.б салаларда жетістіктерге жеткен Қазақстаннан тыс жерде тұратын қандастарымыз қатысты.

«Отандастар» форумы шетелдегі қазақтар мен еліміздегі қазақтарды жақындастыруға тағы бір қадам болады деп сенеміз!