"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

5-6 қазанда Астанада Nobel Fest өтті

5-6 қазанда Астанада Nobel Fest өтті

5-6 қазанда Астанада Nobel Fest өтті. Altyn Qyran Foundation бұл іс-шараның бас серіктестерінің бірі болып табылады.

Нобель фестивалі алтыншы жыл қатарынан өтіп келеді әрі Нобель сыйлығының лауреаттарын және басқа да ғалымдар мен новаторлардың басын қосады.

Жер шарының түкпір-түкпірінен әлемдік ғылым көшбасшылары –Нобель сыйлығының лауреаттары, «Серпіліс» сыйлығының иегерлері (ғылыми Оскар), зерттеушілер, әзірлеушілер, футурологтер мен басқа да прогресс дамытушылары жиналды.

Фестивальдің бірінші сессиясын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашты, онда білім және ғылым саласындағы технологиялық трансформациялардың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, ашылу сессиясы аясында қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сөз сөйлеп, Қазақстанды қазіргі әлемде айтарлықтай ілгерілете алатын технологиялар туралы айтты.

Фестиваль бағдарламасы жасанды интеллектіден бастап климаттың өзгеруіне, экономиканың болашағына, стартаптар мен еңбек нарығына, ғылымның жаңа қырлары мен адамзаттың болашағына дейінгі көптеген тақырыптарды қамтыды.

Нобель фестивалінің білім, ғылым және инновацияларды дамыту жөніндегі миссиясын отандық және халықаралық ұйымдар кеңінен қолдайды. Біз олардың саны жылдан жылға артады деп үміттенеміз.