"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

«Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітабының тұсаукесері

«Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітабының тұсаукесері

Кеше ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған дөңгелек үстел және «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Аталмыш шара «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры, «Мәшһүр Жүсіп» қоғамдық қоры және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жиынға Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпақтары, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары - Алтынбек Нұхұлы, Нұртөре Жүсіп, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Дархан Мыңбай, Қайрат Әбусейітов, сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихшылар, мәшһүртанушылар, БАҚ басшылары қатысты.

Пікір алмасу кезінде ұлы тұлғаның қазақ тарихындағы және руханиятындағы орны, жас ұрпаққа мұрасын жеткізу жолдары, қоғамда насихаттау мен тың зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.

Осыған орай «Алтын қыран» қоғамдық қоры Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шөбересі Абай Шарапиев ағамыздың кітабын басып шығаруға қолдау көрсетті. Бұл еңбек мәшһүртануға үлес қосып, оқырмандардың ықыласына ие болады деген үміттеміз.