"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» тарихи романының жетінші басылымының тұсаукесері

Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» тарихи романының жетінші басылымының тұсаукесері

Бүгін « Altyn Qyran Foundation » қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Салжанов Исламбек Меломан кітап дүкендер желісінде өткен Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» тарихи романының жетінші басылымының тұсаукесеріне қатысты.

Исламбек Төлеубайұлы өзінің құттықтау сөзінде ұлы қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын еске алу құрметіне арналған кітаптың жетінші рет қайта басылуына үлес қосу Қор үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Осындай тарихи тұлғалардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алатын орны зор, сондықтан мен баршаға осы кітапты оқуға кеңес берді.

Қор атынан авторды жаңа басылымымен құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!