"Altyn Qyran Foundation" қоғамдық қоры

“Арман қалаға сапар”

“Арман қалаға сапар”

Жыл сайынғы жоба 2011 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Республикалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаз оқушыларының 300-ден астамы - ХӘОТ санаттағы балалар жазғы демалыс кезінде Астанаға баруға мүмкіндік алды. Балаларға елордада экскурсия, барлық көрнекі жерлерді тамашалау және табысты тұлғалармен интерактивті кездесулер өткізіледі. Сапар соңында балаларға естелік сыйлықтар мен фотобук беріледі.